Қазақстандықтар Головкин - Мартиросян жекпе-жегін қашан көре алады

20 Сәуір 2018, 09:23
1
Қазақстандықтар Головкин - Мартиросян жекпе-жегін қашан көре алады -

Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің билеттерінің бағасы белгілі болды. Сондай-ақ, кездесудің қаншада басталатыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, жекпе-жек 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. Айта кетейік, бұл арена 9 000 көрерменге арналған. Головкин 2014 жылы осы аренада мексикалық Антонио Рубиомен жұдырықтасып, екінші раундта оны нокаутқа түсірген болатын. Сол кезде рекордтық көрсеткіш орнатылып, 9 323 билет сатылған еді.

Ал 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар.

Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз.

18 сәуірде, Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатынын жария еткен еді.

Головкиннің қарсыласы жайлы не білеміз?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай