Қазақстандықтар Головкин - Уэйд жекпе-жегін көре алмай қалуы мүмкін

04 Сәуір 2016, 15:40
0
Қазақстандықтар Головкин - Уэйд жекпе-жегін көре алмай қалуы мүмкін - © Telegraf.com.ua
© Telegraf.com.ua

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің жекпе-жегінің трансляциясы қауіп алдында тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Еске салайық, кездесу 2016 жылдың 26 сәуіріне белгіленген.

Спорт порталының мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір отандық телеарна бұл жекпе-жектің таратылымына қатысты келісімшарт жасаспаған. Ал Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін үзбей беріп жүрген "Қазақстан" телерадиокорпорациясы да, KazSport спорт арнасы да бұл жекпе-жекке қатысты пікір білдірмей отыр. Корпорация өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жектің трансляциясы жайлы мәліметтің жоқ екенін айтты. 

Өзге телеарналардың өкілдері де бұл жекпе-жекке қатысты таратылым жайлы келісімнің жоқ екенін айтып отыр. Еске сала кетейік, Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегі 24 сәуірде (Қазақстан уақыты бойынша) Лос-Анджелесте өтеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай