Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Келесі кім?" Әлімханұлы қарсыластарына үндеу жасады 27 мамыр 2022, 10:28

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион титулын жеңгеннен кейін қарсыластарына үн
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион титулын жеңгеннен кейін қарсыластарына үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Титул сарапқа салынған жекпе-жек екінші раундта аяқталған. Бұл жетістік қазақстандыққа әлемдік белбеу алуға мүмкіндік берген еді.

"Жаттығу жасағым келеді", - деп жазды. 

Біраз уақыттан кейін қазақстандық қарсыластарына үндеу жасап, өзінің титулдық жекпе-жегінен видео салды. 

Орта дивизиондағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері - америкалық Деметриус Андраде, WBC титулы АҚШ-тың басқа боксшысы Джермалл Чарлода, ал WBA Super, IBF және IBO белдіктері Геннадий Головкинге тиесілі.

Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін.

Қазақстандық боксшы Twitter-дегі парақшасында пост салып, кез келген қарсыласпен рингке шығуға дайын екенін білдіртті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті