21 мамыр 2017 17:31

Келл Брук Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы Келл Брук (36-1, 25 КО) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің алдағы жекпе-жегіне болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның пікірінше, GGG мексикалықты оңай жеңеді.

"Альварес Головкинге қарағанда бабы толысқан шағында. Меніңше, Головкин әлі де әлемнің үздігі, бірақ менімен және Дэнни Джейкобспен жекпе-жегінен кейін оны да жеңуге болатыны туралы ой келеді. Алайда GGG "Канелоға" шағыла қояр жаңғақ емес. Ол нокаутпен жеңеді", - деп келтіреді Бруктің сөзін skysports.com.

Еске салайық, Головкин Брукті 2016 жылдың қыркүйегінде Лондонда жеңген болатын. Қазақстандық ұлыбританиялықты арқанға тақап тұрып соққының астына алған сәтте Бруктің бапкері рингке ақ орамалын тастауға мәжбүр болды. Кездесуден кейін Бруктің көз ұяшығы сынғаны белгілі болып, ол ота жасатқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети