12 қаңтар 2018 16:22

"Келісімге қол қоюға жақындаған да жоқпыз" - Де Ла Хойя "Канело" мен Головкин жекпе-жегі жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оскар Де Ла Хойя. © tofight.ru Оскар Де Ла Хойя. © tofight.ru

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гоместің сөздерін жоққа шығарды, - деп жазады Vesti.kz порталының қазақ бөлімі.


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гоместің сөздерін жоққа шығарды, - деп жазады Vesti.kz порталының қазақ бөлімі.

Еске салайық, бұған дейін Гомес орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" арасындағы кездесудің келісімшартына осы аптаға қол қойылатыны туралы айтқан болатын. Бірақ бұл сөздерді Оскар Де Ла Хойя жоққа шығарды.

"Канело" мен Головкин арасындағы кездесудің келісімшартына қол қойылған жоқ. Келісімшартқа қол қоюға біз тіпті жақындаған да жоқпыз. Бұл кездесуді ұйымдастырамыз. Барлық жанкүйерлерге уәде беремін. Бірақ GGG екінші кездесуге дайын болса"- деп жазды Де Ла Хойя "Твиттер" парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуде T-Mobile Arena спорт кешешінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал жалпы кездесудің билеттерінің табысын бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Daily Mail порталының мәліметі бойынша, бұл кездесу үшін қазақстандық боксшы 25 миллион долар табыс тапса, мексикалық одан 10 миллион көп табыс тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети