06 қараша 2021 21:07

Қорғаныс министрлігі Армия спорт клубының спортшысы Қазақстан құрамасына алғашқы "алтын" әкелді

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен чемпионаттың күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан өз жеңістерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен чемпионаттың күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан өз жеңістерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі жеңісімде Қазақ еліне, Қорғаныс министрлігіне, Армия спорт клубына, әскери әріптестеріме,  бапкерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Жеңісімді Қазақ еліне, әскердегі әріптестеріме арнаймын! Алға, Қазақстан!" - деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының боксшысы Теміртас Жүсіпов.

Теміртас Жүсіпов - 2019 жылғы Дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы, әскери қызметшілер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионы. 48 келі салмақтағы боксшының ақтық жекпе-жектегі қарсыласы тайландтық Вуттичай Юрачай болды. Армия спортшысы қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, айқын жеңіске жетті.

54 келі салмақта чемпионаттың күміс жүлдегері атанған армия спорт клубының тағы бір өкілі - мерзімді қызметтегі әскери қызметші қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан. Спортшы жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы.

Бүгін, 6 қарашада, чемпионаттың финалына  51 келі салмақта тағы бір әскер спортшысы, кіші сержант Сәкен Бибосынов шығады. Ол америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасады, осыған дейін ол ресейлік Ахтем Закировпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Армия орталық спорт клубының боксшылары халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғап, елімізде осы спорт түрінің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Олимпиада чемпиондары Василий Жиров (Атланта-1996), Ермахан Ибраимов (Сидней-2000), Серік Сәпиев (Лондон-2012), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, сондай-ақ Асланбек Шымбергенов, Әбілхан Аманқұл, Тимур Нұрсейітов және басқа да әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының және түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын ОСК-ның атақты спортшылары Қазақстан құрамасының  қоржынын түрлі абыройлы медальдармен толықтырып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубында Халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жолға қойылған жүйесі бар. Жарқын жеңістер мен халықаралық біріншіліктерден табысты оралуы - осының дәлелі. Атақты әскер спортшыларының қатарында - велотректе жеке қудалау жарыстарында бірінші әлем чемпионы Николай Макаров, Олимпиада чемпионы, шаңғышы Владимир Смирнов, баскетболшы, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко, садақ атудан бірнеше дүркін әлем чемпионы Зебенисо Рустамова, екі дүркін әлем чемпионы, Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, балуан Дәулет Тұрлыханов, жеңіл атлетикадан әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети