1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Ковалев жақсы ақша таба алады, ал "Канело" жайлы сөйлегім де келмейді - Головкин 24 қыркүйек 2019, 09:21

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1,35 КО) мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) пен ресейлік Сергей
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© DAZN © DAZN

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1,35 КО) мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) пен ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Канело" - Ковалев жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Боксшылар ресейлік боксшыға тиесілі жартылай ауыр салмақтағы WBO титулын сарапқа салады. Осы үшін мексикалық боксшы бірден екі салмаққа көтерілді.

"Шынымды айтсам... бұл жекпе-жек туралы не ойлайтынымды бірден айта алмаймын. Бұл Ковалев үшін жақсы жағдай, себебі қарсыласы жақсы әрі жақсы ақша табу мүмкіндігі бар. Ал "Канело" жайлы сөйлегім де келмейді", - деді Головкин журналистерге. 

Головкин келесі жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға (13-1, 10 КО) қарсы өткізеді. Боксшылар орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салады. 



Join Telegram