20 маусым 2021 09:22

Қуат "Найман" Хамитов қарсыласын бірінші раундта тұншықтырып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kuat__khamitov Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Атырауда жергілікті Mergen Fighting Championship лигасының MFC 1 турнирі өтті. Бұл кештің басты айқасында қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Атырауда жергілікті Mergen Fighting Championship лигасының MFC 1 турнирі өтті. Бұл кештің басты айқасында қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қуаттың қарсыласы укариналық Роман Головинов болды. Бес минуттан үш раундқа есептелген кездесу біріншісінде аяқталды. 

Қуат қарсыласын жекпе-жек басында-ақ әдіске салған болатын, бірақ, Головинов бұған шыдап, әдістен шығып кетті. Дегенмен екінші рет Хамитов украиналықты қайтадан тұншықтырып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MERGEN FIGHTING CHAMPIONSHIP (@mergenfcmma)

Осылайша, Хамитов ММА-де 21-ші жеңісіне жетті, сонымен қоса, спортшыда жеті жеңіліс пен бір тең түскен айқас бар. Бұрын он рет жеңіске жеткен Головинов бесінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, шамамен қыркүйекте "Найман" келесі айқасын ресейлік Мариф Пираевпен Алматыда өткізеді. Бұл кездесуді AMC Fight Nights промоушені ұйымдастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети