24 қараша 2016 23:13

Қытайда Головкинның сыңары бар екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Boxingmonthly.com басылымы Қытайда Геннадий Головкинның сыңары бар екенін анықтады. Ол Бейсенбі Насиоллаұлы есімді этникалық қазақ екен. Бейсенбі Насиоллаұлы Қытай боксының жұлдызы болып саналады.


Ұлыбританиялық Boxingmonthly.com басылымы Қытайда Геннадий Головкинның сыңары бар екенін анықтады. Ол Бейсенбі Насиоллаұлы есімді этникалық қазақ екен. Бейсенбі Насиоллаұлы Қытай боксының жұлдызы болып саналады.

Сондай-ақ, боксшының рингке қазақ шапанын киіп шығатыны белгілі болды. 22 жастағы Бейсенбі Насиоллаұлы жеңіл және орта салмақта өнер көрсетеді. Оның лақап аты Destroyer ("Талқандаушы") екен. Сондай-ақ, ол кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңілмеген. Vesti.kz спорт басылымы боксшы жайлы біраз мәліметті жинапты.

Паспорт бойынша Бейсенбі Насиоллаұлының есімі - Бай Шан Бо. Ол Қытайдағы Синьцзян-Ұйғыр автоном ауданындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Онда 1 миллион 200 мың қазақ өмір сүреді екен. Бейсенбі Насиоллаұлының арғы аталары Қазақстаннан Қытайға кеңес билігі орнаған жылдары қоныс аударған. Басқа да қытай қазақтары сияқты Бейсенбі Насиоллаұлы қазақтың барлық салт-дәстүрін сақтай білген және ана тілінде жақсы сөйлейді.

22 жастағы жігіт боксқа алғаш рет 2007 жылы 13 жасында барған. Оның алғашқы бапкері - Мұрат Бошайұлы. Ол Қанат Исламың да бапкері болған екен.

Сондай-ақ, Бейсенбі Насиоллаұлы 2011 Синьцзянь провинциясында бокстан 56 келі салмақта өткен чемпионатта жеңіске жеткен.

"Судьялардың әділетсіз шешімі үшін ширек финалда жеңіліске ұшырадым. Содан біраз уақыт өткен соң мен кәсіпқой боксқа өту керек екенін түсіндім", - деді боксшы Boxing Montly басылымына берген сұхбатында.

Осылайша, 2014 жылы Бейсенбі Насиоллаұлы кәсіпқой боксқа өтеді. Сол үшін боксшы үйінен 3000 шақырым жерде орналасқан Куньминь қаласында барады. Содан Бейсенбі Насиоллаұлы Абрахам Дарвиш есімді америкалық бапкермен жаттығады. Ал кейін Чжэнчжоу қаласында филиппин бапкері Даринтон Колас пен Аллан Аллегримен жаттығады.

Бірақ бірде ешбір себепсіз Колас пен Алегри отандарына қайтарылады. "Мен филиппин бапкерлерімен интернет арқылы сөйлесіп жүрмін. Бірақ Чжэн бапкермен жаттығу қиындау", - дейді Насиоллаұлы.

Айта кетейік, 22 жастағы боксшы алғашқы жекпе-жегін 2015 жылдың 22 ақпанында өткізген. Австралиялық судья Стив Спарктың шешімімен кездесуде Насиоллаұлы жеңіске жетеді. Боксшы осы күнге дейін 11 жекпе-жек өткізген екен. 10 кездесуде жеңіске жетіске (5 нокаут), бір кездесуі тең есеппен аяқталған. Насиоллаұлының қарсыластары Қытайдан, Индонезиядан, Филлиппиннан және Ганадан келген боксшылар болған.

Видеода Насиоллаұлы ганалық қарсыласы Таки Аннанамен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа түсіреді.

Сонымен қатар, жас боксшының Қытайда танымал екені белгілі болды. 6 қарашада Чжэнчжоу қаласында өткен соңғы кездесуінде көрермендер үлкен дау шығарған. Насиоллаұлы ол кезде филиппин боксшысы Стивен Желавпен жұдырықтасқан болатын. Кездесудің төртінші раундында  Насиоллаұлы қарсыласын нокаутқа түсіреді. Айта кетейік, Бейсенбі Насиоллаұлының келесі қарсыласы қытайлық боксшы Лек Вак екен. Кездесу 2016 жылдың 17 желтоқсанында Ханчжоу қаласында өтеді. Алдағы кездесу боксшының 2016 жылы өткізген бесінші жекпе-жегі екен.

Бай Шан Бо Геннадий Головкин пен Қанат Исламның жекпе-жектерін көріп, сол боксшылар сияқты биік белестерден көрінгісі келеді екен. "Қанат Исламның соңғы жекпе-жегінің трансляциясын көрдім. Мен қазақстандық боксшылардан үлгі алып, олардан көп дүниелерді үйреніп жатырмын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети