17 тамыз 2016 09:44

Левит - Тищенко жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Левит (көкте) және Евгений Тищенко. © Данияр Майлыбаев Василий Левит (көкте) және Евгений Тищенко. © Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 91 келіге дейінгі категорияда жұдырықтасқан қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 91 келіге дейінгі категорияда жұдырықтасқан қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Левит финалда Тищенкодан 0:3 есебімен жеңілген. Жанкүйерлер ысқырып, қазылардың жеңісті ресейлік боксшыға беру туралы шешіміне наразылығын білдірген еді. Наразылық марапаттау рәсімінде де болды. Тищенконың жеңісі мамандардың да, жанкүйерлердің де арасында қызу пікірталас туғызды. 

CompuBox есебіне қарағанда, үш раундтың әрқайсысында Левит қарсыласына қарағанда көп соққы жасап, дөп тиген соққылары да көп болған.

Мәселен, Левит жекпе-жек барысында 234 рет соққы жасаған, оның 62-сі (26,5 пайызы) дөп тиген. Ал джебтерінің қатынасы 55-тен 5 болды (9,1 пайыз), ал күшті соққылары 179-да 57 (31,8).

Ал Тищенко екі есе аз соққы жасаған - 157. Дөп тиген соққылары да аз болып шықты - тек 35 соққы дөп тиген (22,3 пайыз). Ресейліктің джебтері 48-ден 4 (8,3), ал күшті соққылары 109-дан 31 (28,4).

Левит - Тищенко жекпе-жегінің соққылар статистикасы төменде көрсетілген:

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети