Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ілияс Сүлейменов AIBA Pro Boxing турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді

28 Қараша 2014, 23:46
0
Ілияс Сүлейменов. ©kazsport.kaztrk.kz
Ілияс Сүлейменов. ©kazsport.kaztrk.kz

Қазақстан боксшысы Ілияс Сүлейменов AIBA Pro Boxing-нің 2016 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде екінші рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Ілияс Сүлейменов Новосібірде 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, алжирлік Мохаммед Флиссимен кездесті. Бірінші раундта қазылар жеңісті бірауыздан Ілияс Сүлейменовке берді. Екінші раундта екі рефери қазақстандыққа 10:9 деген баға берді, ал біреуі Флиссиді сондай көрсеткішпен бағалады. Ал үшінші раундта Ілияс дәл соққыларды төпелеп, алжирлік қарсыласын нокаутқа түсірді. Сүлейменовтің келесі жекпе-жегі 20 желтоқсанда өтеді.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ілияс Сүлейменов өзбекстандық Ясурбек Латиповпен кездескен еді. Қазақстан боксшысы оны 3:0 (60:54, 58:56, 60:54) есебімен жеңді. 

2015 жылдың қаңтарында аяқталатын AIBA Pro Boxing турнирі - Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға іріктеудің бірінші кезеңі. Әр салмақ дәрежесі бойынша лицензия сегіз боксшының ішінен AIBA алдын ала іріктеген екі үздік үміткерге беріледі. Қазақстан боксшыларының басқа да қарсыластарымен мына жерден танысуға болады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай