19 қаңтар 2018 11:50

Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадияр Әшкеев © Vesti.kz Мадияр Әшкеев © Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің кезекті қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 3 наурызда Доминикан Республикасының боксшысы Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Мадияр Әшкеев шаршы алаңғы шығатын бокс кеші Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді. Қазақстандық боксшы бұл кездесуіне тыңғылықты дайындалып жатыр.

Нью-Йорктегі бокс кешінің басты кездесуінде ресейлік боксшылар Сергей Ковалев пен Игорь Михалкин жұдырықтасады. Тағы бір басты кездесудің бірі ресейлік Дмитрий Бивол мен кубалық Саливан Баррера арасында өтеді.

Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети