"Маған рингте мешоктар керегі жоқ" - Жәнібек Әлімханұлы

22 Қазан 2018, 16:30
0
"Маған рингте мешоктар керегі жоқ" - Жәнібек Әлімханұлы - Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1 КО) келесі қарсыласы белгілі болды және қазақстандық боксшы неліктен оны таңдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегі 3 қарашаға белгіленген. Бокс кеші Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өтеді. Жәнібектің қарсыласы 32 жастағы Вон Александер (12-1, 8 КО) болатыны расталды.

"Мықтыны ұтсаң ғана мықты боласың. Мықтыны жеңгенде ғана чемпиондық белбеуге жақындайсың. Маған рингте мешоктар керегі жоқ. 3 қарашада 13 жекпе-жегінің 12-сін жеңген, бір ғана жекпе-жегінде төрешілер шешімімен ұтылған Ван Александрмен жұдырықтасамын, бұйыртса. Қазақ бокс стилін 3 қарашада әлем жанкүйерлеріне көрсетеміз", - деп келтіреді Әлімханұлының сөзін командалық Instagram парақшасы. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мықтыны ұтсаң ғана мықты боласың. Мықтыны жеңгенде ғана чемпиондық белбеуге жақындайсың. Маған рингте мешоктар керегі жоқ. 3 қараша 13 жекпе-жегінің 12-ін ұтқан, тек 1 ғана жекпе-жегінде төрешілер шешімімен ұтылған Ван Александрмен жұдырықтасамын, бұйыртса. Қазақ бокс стилін 3 қарашада әлем жанкүйерлеріне көрсетеміз. © Жәнібек Әлімханұлы #QazaqBoxingStyle #teamJANIBEK @trboxing @klimasmanagement @buddymcgirtboxing

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly_team)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай