22 сәуір 2018 13:41

Мексикадағы жекпе-жекке дайынмын. Мен жеңемін - қазақстандық боксшы қыз Сатыбалдинова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Сатыбалдинова © instagram Аида Сатыбалдинова © instagram

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіби деңгейдегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетуге ниетті, деп жазады Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіби деңгейдегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетуге ниетті, деп жазады Vesti.kz.

"Мексикадағы жекпе-жегіме дайынмын. Мен дайынмын және мен жеңемін. Менің отбасым және менің елім әрдайым жүрегімде!!!", - деп жазды Сатыбалдинова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Сатыбалдинова бүгін, 22 сәуірде жұдырықтасады. Мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы кездесуі Тихуанада (Мексика) өтеді. Пабелломен жекпе-жектен кейін, боксшы қыз 28 сәуірде АҚШ-та келесі кездесуін өткізеді. 

Еске сала кетейік, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.

2017 жылдың соңында Сатыбалдинова кәсіби бокста еңбек жолын бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Ол Америкада бір жекпе-жек өткізді, бірақ әуесқой бокстың ережелері бойынша мексикалық Санди Флоресті жеңді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети