01 шілде 2021 12:29

"Мен сені жеңемін, мұны өзің де білесің": Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly, instagram.com/boobooandrade Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly, instagram.com/boobooandrade

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұқасы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Деметрис Андрадені жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұқасы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Деметрис Андрадені жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Андраде, қазір сен солақайлармен жаттығып, спарринг өткізіп жүрсің-ау. 100 пайызға дайын бол. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Көреремендер Qazaq Style-дан ләззат алсын. Мен сені 7 не 8-раундта сұлатамын. Мен сені жеңемін, мұны өзің де білесің", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы мұндай мәлімдемені орта салмақтағы америкалық экс-чемпион Роб Брантты уақытынан бұрын жеңген соң жасаған.

"Мен әлемге қазақша стильдің не екенін көрсеттім", - деген еді Әлімханұлы экс-чемпионды жеңген соң.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Брантты жеңген жағдайда мексикалық Хайме Мунгиямен кездесу өткізуге уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети