21 ақпан 2017 15:15

Мен туыстарымның бәрін өзіммен АҚШ-қа алып кетемін - Данияр Елеусінов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sportportal.kz © sportportal.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындығы өтетін АҚШ-тағы жаттығу жиындарының мән-жайын айтып берді.


Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындығы өтетін АҚШ-тағы жаттығу жиындарының мән-жайын айтып берді.

- Әзірге нақты ештеңе белгісіз. Наурыз басында немесе ақпанның соңында шығар. Ағам "Дәурен Елеусінов және әкеме жаттығатыным ғана нақты белгілі, - дейді Елеусінов.

- Сізді Дерек Сантос жаттықтыратын болады. Ол туралы не ойлайсыз?

- Олимпиада алдында мені жаттықтырған. Оның қалай жаттықтыратынын және жігіттерге қарым-қатынасы қандай екенін көрдім. Өте жақсы бапкер, тамаша адам. Онымен жұмыс істеу ыңғайлы.

- Сапарға аттанып бара жатқаныңызды жақындарыңыз қалай қабылдады?

- Мен туыстарымның бәрін өзіммен алып кетемін. Қасымда болады.

- Сіз АҚШ-та тұруды ойлап отырсыз ба?

- Мен ол жерде жаттығамын. Әрине, жекпе-жектерден кейін Қазақстанға келіп тұрамын. Бірақ көбіне сол жақта боламын.

Айта кетейік, 25 жастағы Елеусінов 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың чемпионы (69 килограмм салмақта) болды. Оның әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой бокста да жаттықтырушысы болады. Даниярдың жаттығу лагері Флорида штатында өтеді. Оны америкалық мамандар жаттықтыратын болады.

Кәсіпқой бокста Елеусінов жартылай орта салмақта (66 килограмм) жұдырықтасатын болады. Алғашқы жекпе-жегін Елеусінов осы жылдың мамырында Қытай елінде өткізеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети