05 желтоқсан 2020 19:15

Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтанов Екатеринбургте ресейлік Илья Баландинмен жұдырықтасқан. Орта салмақтағы кездесу 8 раундқа жоспарланған. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті бақылауында ұстап, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Нұрсұлтанов карьерасында 14-ші жеңісіне қол жеткізді, оның сегізін нокаутпен тәмамдаған.

Ал Илья Баландин тоғызыншы жекпе-жегінде төртінші рет жеңілді. Одан бөлек карьерасында төрт рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түскен.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов бұған дейінгі жекпе-жегінде WCB тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атанған болатын. Бірақ бұл титул Баландинге қарсы кездесуде сарапқа салынбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети