26 тамыз 2017 10:24

Мейвезер пен МакГрегор "ғасыр жекпе-жегі" алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 тамызда кешкі уақытта Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Флойд Мейвезер пен Конор МакГрегор жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Ирландиялық боксшы америкалық боксшыдан ауыр болып шықты, - деп жазады Allboxing.ru.

Жалғасы

МакГрегор 153 фунт (69,4 келі) көрсетсе, Мейвезер бірінші орта салмақтағы лимитке де жете алмай, 149,5 фунт (67,8 келі) көрсетті.

Басылымның мәліметінше, МакГрегор тағы шамамен 7-8 келі салмақ қосады. Ал Мейвезердің айтуынша, жекпе-жекте салмақпен жеңіске жетпейді.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегаста өтеді. Қазақстанда бұл кездесуді "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның сайтында жазылған. Трансляция 27 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети