05 қараша 2021 10:13

Министрлік "Дикий Арман" мен боксшылардың видеосына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Мәдениет және спорт министрлігі Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында "Дикий Арман" лақап атымен танымал қазақстандық Арман Жұмагелдиев түсірілген видеодан кейін Қазақстан бокс федерациясына ресми сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында "Дикий Арман" лақап атымен танымал қазақстандық Арман Жұмагелдиев түсірілген видеодан кейін Қазақстан бокс федерациясына ресми сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиев пен отандық боксшылардың видеосы пайда болған еді. Кадрларда ер адам қалай ақша санап тұрғаны, оны Арман боксшылардың атын кезекпен атап, қолын алып, ұстатып жатқаны көрінеді.

Видео сипаттамасында Дикий Арман турнирде жеңілген үш қазақстандық боксшыға екі мың доллардан (шамамен 860 мың теңге - ескерт.) таратқаны айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

Министрліктегілер "ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру - бұл федерация мен министрлік ресми өкілі саналмайтын азаматтың жеке бастамасы" екенін айтты. 

Ведомство мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясы Белград (Сербия) қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді.

"Бокстан ұлттық құрама команда спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік осы факт бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бокстан ұлттық құрама даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге (3,5 миллион АҚШ доллары) қарастырылған.

Сонымен, түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісіне, соның ішінде әлем чемпионаттарында мынадай мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:

  • 1-орынға 15 000 АҚШ доллары;
  • 2 орынға 7 000 АҚШ доллары;
  • 3-орынға 5 000 АҚШ доллары.

Сондай-ақ, олардың жаттықтырушыларына келесі мөлшерде:

  • 1-орынға 10 000 АҚШ доллары;
  • 2-орынға 5 000 АҚШ доллары;
  • 3-орынға 3 000 АҚШ доллары қарастырылған.

Кейін Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев "Дикий Арманмен" түскен видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети