18 қыркүйек 2017 09:52

"Найман" мен МакГрегор Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram © instagram

Көптеген аралас жекпе-жектен танымал спортшылар Instagram және Twitter желісіндегі өз парақшаларында Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегі туралы және кімнің жеңгені туралы өз ойларын білдірді. 


Көптеген аралас жекпе-жектен танымал спортшылар Instagram және Twitter желісіндегі өз парақшаларында Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегі туралы және кімнің жеңгені туралы өз ойларын білдірді. 

Қазақстандық ММА спортшысы Қуат "Найман" Хамитов былай деп жазды: Шын жүректен Triple G жеңісімен құттықтаймын! Мен әрдайым өз күшімен көтерілгендерді қолдаймын. Оның жеңісі, жеңілісі немесе тең  болғаны маңызды емес, ол біз үшін чемпион болып қалады! Кейін біз немерелерімізге қазақстандық бокс туралы айтатын уақытта Головкинді мысалға алатын боламыз. Екі боксшының да жеңісімен құттықтаймын! Жекпе-жек өте тамаша болды, мұндай кездесулерде жеңілген адам болмайды! Барлық қырынан бірдей боксшылардың жекпе-жегін тамашалау әрдайым қызықты... Реваншты күтеміз".

 

Ары қарай жекпе-жек туралы пікірлерді Аllboxing.ru порталы жинастырды. 

Даниэль Кормье: "(Төреші) Аделаида Берд Канелоға 10 раундты берді. Күлкім келеді".

 

Джейк Элленбергер, осы жекепе-жектен 1300 доллар ұтыс ұтқан: "Бұл жігіттер апперкотпен жылқынын терісін сыпырады". 

 

Крис Вайдман: "Бұл төрешілердің картасы дегенге сене алар емеспін". 

 

Энтони Джонсон: "Ойға келмейтін нәрсе. Алайда мен реванш кездесуге қарсы емеспін! Головкин жеңді..."

 

Конор МакГрегор: "Бокс - бұл ессіз ойын".

Тито Ортиз: "Канело" соңғы раундта жеңді, алайда шешім Головкиннің пайдасына беріледі. Олар қайта кездессе ақшамдя аямас едім. Нағыз боксшылардың жекпе-жегін көру керемет. Ого, тең, екінші жекпе-жекті тамашалаймыз деп сенемін. Жақсы жекпе-жек, бірақ жақсы төрешілер қажет". 

 

Джош Томпсон: "Жойқын соққылары үшін мен жеңісті Альвареске бердім... Сіздер басқа пікірлерді оқуларыңыз мүмкін, бірақ бокста ең бастысы жойқын күш пен келтірілген залал. Төрешілердің шешімі сұмдық, алайда мұндай болып тұрады. Мен Альвареске мына раундтарды бердім: 2, 3, 6, 8, 10, 11, 12, бірақ 8 бен 10 раунд екеуіне де беріледі. Барлығы шағымданып жатыр, алайда солардың бәрі реваншқа билет сатып алады". 

Еске салайық, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети