Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ниязымбетов Головкин Рубионы нокаутқа түсіреді деп болжам жасады

18 Қазан 2014, 20:46
0

 Лондонда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем  чемпионаттарының екі дүркін медалисі, таяуда ғана Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпазы,боксшы Әділбек Ниязымбетов Головкин Рубионы нокаутпен жеңеді деп болжам жасады. Лондондағы Олимпиада жүлдегерінің ойынша Головкин мен Рубионың жекпе-жегі жетінші раундта аяқталады, деп хабарлайды Vesti.kz. 

"Геннадий Головкин біз үшін үлкен ағамыз секілді. Ол өзін өзі қалыптастырған адам. Ол кәсіпқой бокс рингінде өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, өзінің жеңістерімен қазақстандықтарды қуантып келеді. Менің ойымша оған бұл жекпе-жек аса қиынға түспейді. Бокстасу барысында мексикалық боксшы алдымен ногдаун алады, кейін нокаутқа түседі. Бұл кездесуді Геннадийдің бақылауында болады, алтыншы немесе жетінші раундта бәрі аяқталады", деді Ниязымбетов. 

Сонымен қатар  KazSport телеарнасының жетекшісі Диас Ахметшәріп қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің тарнсляциясы туралы нақтырақ айтып берді. "Трансляция KazSport телеарнасында 19 қазан күні таңғы сағат 7.00-де басталады. Негізгі жекпе-жектен бөлек тағы үш жекпе-жек көрсетіледі. Осылар аяқталғаннан кейін рингке Головкин мен Рубио шығады. Шамамен 9-да негізгі кездесу басталады. Көрермен бұл боксты KazSport және "Қазақстан" арнасынан тамашалай алады, дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жегі үшін өзінің кәсіби бокс карьерасындағы ең көп қаламақысын алады. Сондай-ақ бұған дейін Марко Антонио Рубио тиісті салмақтан асып кеткендіктен Головкин мен мексикалық боксшының жекпе-жегінің шарттары қайта қаралған болатын. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай