Олимпиада-2020: Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада-2020: Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Аманқұл 1/8 финалда өзбекстандық Фанат Кахрамоновпен кездесті. Бірінші раундтан кейін өзбек боксшысы алда болған. Бірақ екінші раундта Аманқұл қарсыласын нокдаунға түсіріп, есепті теңестірді. Шешуші үшінші раундта да қазақстандық боксшы белсенді болып, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңді. 

Әбілхан Аманқұл Жамбыл облысында туған, бүгін боксшы 24 жасқа толды. 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған. Сол жылы Азия чемпионатында қола, биылғы құрлықтық жарыста күміс медаль иеленген. 

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында төрт боксшымыз қалды. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети