05 тамыз 2021 | 12:07

Олимпиада-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп, қола медаль алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Джалал Яфаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта Бибосынов нокдаун алып, қарсыласы басым болды. Дегенмен кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы белсенді болды. Бірақ төрешілер жеңісті 3:2 есебімен ұлыбританиялыққа берді. 

Бұған дейін Бибосынов ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобарды жарыс жолынан шығарған. Ал 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Алғашқы кезеңде Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленген болатын. 

Осылайша, қазір Қазақстан қоржынында бес медаль бар. Қоңқабаевтан бөлек, дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети