11 наурыз 2022 15:03

Промоутер Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қыркүйекте екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта дивизиондағы IBF титулының иегері Геннадий Головкинмен трилогия өткізеді деп үміттенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл - үлкен жекпе-жек. Бұл жекпе-жектің артында үлкен құмарлық бар. Екеуі де жарылуға дайын. Тек жекпе-жекте ғана емес, тіпті бір-бірінің баспасөз мәслихатында да. Канело қарсыласы тым көп сөйлейтінін және оның ақысын төлейтінін айтқанын көрдіңіздер.

Негізі оның олай сөйлегенін көрмегенбіз. Кейін Головкин: "Алғашқы екі жекпе-жекте жеңіске жеттім, тағы да қайталаймын" деді. Одан да мұндайды бұрын-соңды естімеген едік", - деді Хирн YouTube-те Behind The Gloves-арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер "Канело" Дмитрий Биволды, ал Головкин Риота Муратаны жеңетін болса, "онда мега жекпе-жек болады".

Еске салайық, сәуірде Головкин WBA супер орта салмақтағы чемпионы жапон Риота Муратамен кездеседі, ал "Канело" мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен WBA жеңіл салмақтағы белбеуі үшін жұдырықтасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети