28 қыркүйек 2014 16:10

Ресей боксшысы қарсыласының жағын сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей боксшысы Артур Бетербиев әлемнің жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпионы, америкалық Таворис Клаудты күйрете жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресей боксшысы Артур Бетербиев әлемнің жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпионы, америкалық Таворис Клаудты күйрете жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 28 қыркүйекке қараған түні Монреальда өтті. 29 жастағы ресейлік бірінші раундта қарсыласын үш рет ұрып құлатты, екінші раундта нокаутқа жіберді.

Бұл - Бетербиевтің кәсіби шаршы алаңдағы алтыншы жеңісі (барлығын да нокаутпен жеңді). Клауд болса, 24 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. 

Артур Бетербиевтің промоутері Ивон Мишельдің айтуынша, Ресей боксшысы бұл жекпе-жекте америкалықтың жағын сындырған. Бұл туралы Tofight.ru порталы хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети