08 желтоқсан 2018 12:00

Санчес Головкин мансабын аяқтағанға дейін қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © Sporting Life Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © Sporting Life

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының физикалық формасы мен мансабын аяқтағанға дейін қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының физикалық формасы мен мансабын аяқтағанға дейін қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Санчестің айтуынша, 2019 жылы GGG өзін екінші орта салмақта сынап көруі мүмкін. "Көреміз, ол 160 фунтта қала ма, 168-ге көтеріле ме. Оның мансап жолында екі-үш жыл қалды және олар өте жемісті болуы керек. Мен оның тағы екі-үш жыл жұдырықтасқанын қалаймын. Ең бастысы, Геннадийде бұрынғыдай залда барын салу мотивациясы бар. Егер ол оны сақтап қалса, тағы бес-алты жекпе-жекте онымен барлығы дұрыс болады деп ойлаймын", - деп келтірді Sport.ua Санчестің сөзін.

Еске салайық, 15 қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жекте 36 жастағы Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп қалды. Ол оның мансабындағы алғашқы жеңіліс болды және ол барлық титулынан айырылды.

Головкин 2019 жылдың бірінші жартысында рингке оралады деп жоспарланған. Ол екінші орта салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Каллум Смитпен кездесуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети