05 қараша 2021 00:02

Серік Теміржанов қарсыласын нокдаунға түсіріп, финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚБФ ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Белградтағы әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Белградтағы әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта Теміржанов финалға берілер жолдаманы кубалық Освель Кабальерромен сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірді. Ал үш раунд қорытындысы бойныша 3:2 есебімен жеңді. 

Теміржанов турнирді 1/32 финалдан бастап, бұған дейні моңғолиялық Энх-Амар Хархууды, жапониялық Рейто Тсутсумиді, үндістандық Рохит Морды, ресейлік Эдуард Савинді жеңген болатын. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов, Махмуд Сабырхан мен Сәкен Бибосынов та финалға шыққан. Ал Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети