23 ақпан 2014 14:47

Шүменов Хопкинспен жұдырықтасу қиын болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменов. Фотосурет expressnews.com сайтынан алынды Бейбіт Шүменов. Фотосурет expressnews.com сайтынан алынды

Бокстан WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Хопкинспен арада өтетін жұдырықтасу оның өмірінде ең қиыны, әрі ауыр болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. 30 жастағы Шуменов Хопкинспен шаршы алаңда сәуірдің 19-ы күні кездеседі. Боксшылар арасындағы шайқас Вашингтон қаласында өтеді. Қазақстандық боксшы Хопкинстің әлемдегі ең үздік боксшылар қатарына кіретінін және ол бұрын-соңды мұндай деңгейдегі спортшымен кездеспегенін де айтты. "Хопкинспен жұдырықтасатынымды білгенімде, мен оның әр ойынын жіті қадағалауға көштім. Оның ойындарын көрген сайын оның алуан айласы барын ұқтым. Онымен жұдырықтасарда аса сақ болған абзал. Сондықтан мен аса дарынды адаммен кездесуге жоғарғы дайындықпен болуым керек", - деді Шүменов. Еске саламыз, Бейбіт Шүменов өз атағын қорғап қалу жолында соңғы рет словак Тамаш Ковачамен кездесіп, қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети