29 қараша 2020 16:54

"Соққылары денені әлсіретеді". Рой Джонс Майк Тайсонмен реваш туралы не деді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: fight.ru Сурет: fight.ru

Америкалық боксшы кіші Рой Джонс Майк Тайсонға қарсы қайта жекпе-жек өткізуге қарсы емес, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Америкалық боксшы кіші Рой Джонс Майк Тайсонға қарсы қайта жекпе-жек өткізуге қарсы емес, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз мұны қайталауымыз керек. Барлығы Майкты жақсы көреді, мен де оны жақсы көремін. Ол бастан, денеден ұрғанда бәрі ауырып қалады. Соққылар әсер еткені сөзсіз, олар денені әлсіретеді. Мен отбасыммен сөйлесіп көрейін, олар бұл туралы не ойлайды екен, қайталағанымды қаласа, өткіземіз", - деді Джонс.

Кіші Джонс жекпе-жекке "Лос-Анджелес Лейкерс" NBA клубының түстерімен боялған қолғаппен шығып, Тайсонмен кездесуді қайтыс болған Коби Брайантқа арнағанын айтты.

"Мен бұл жекпе-жекті Кобиге арнауым керек. Мен үшін Майкл Джордан әрқашан ең ұлы адам болды. Бірақ Коби - керемет талант. Бәріміз оны сағынып жүрміз", - деді Джонс.

Еске салайық, бүгін аты аңызға айналған америкалық бокс ардагерлері ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон мен төрт салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында жекпе-жек  өткізді. Кездесу екі минуттан сегіз раундқа созылды. Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс тең түсті. "Аңыздар шайқасы" деп аталған шоуда WBC арнайы белбеуін ешкім алған жоқ. Айта кетейік, бұған дейін нокаут болмаса, жекпе-жек жеңімпазы анықталмайтыны хабарланған болатын. 

Тайсон жекпе-жекті қарқынды бастады, ал Джонс алғашқы раундта әрекет етуге асықпады, бір жойқын соққы тигізіп те алды.

Екінші раундта Тайсон қысым көрсетуді жалғастырды. Кіші Рой Джонс та бірнеше дәл соққы жасай алғанмен, келесі раундтар Тайсонның басымдығымен өтті. Бірақ төрешілер күтпеген шешім шығарып, екі спортшыны тең түсірді. Тайсонның соңғы кездесуі 2005 жылы, ал Джонстікі 2018 жылы болғанын айта кеткен жөн. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети