20 наурыз 2017 15:25

Сондерс - арманыма жету жолындағы соңғы қадам - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sky sports © Sky sports

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерске (24-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Джейкобсқа қарсы жекпе-жектен соң Головкин кез келген боксшымен, соның ішінде Сондерспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді. Басты себеп - чемпиондық белбеу мен шоу. WBO чемпионы жауапты ұзақ күттірген жоқ.

"Барлық белбеулердің иесі атану жолындағы соңғы қарсыласым - Сондерс. Бұл жекпе-жек Қазақстанда өтеді деген үміттемін. Келесі жекпе-жекте Сондерспен жұдырықтасқым келеді деп жүз пайызға сенімді болып айта аламын", - дейді Головкин

34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети