Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкиннен тез шешім қабылдауын талап етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкиннен тез шешім қабылдауын талап етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Күтуге дайынмын, бірақ ұзақ емес. G нүктесін күтіп, отыра бермеймін. Тезірек жекпе-жек өткізуім керек", - деп жазды Сондерс Twitter желісінде.
Еске салайық, ағылшын боксшысы осыған дейін GGG-ді "іш пыстыратын егеуқұйрық" деп атап, мінеп сөйлеген болатын.
Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін биыл маусымда Қазақстанда өткізуі мүмкін. Алайда оның қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз. Болжам бойынша, ол Сондерспен жұдырықтасады. Ағылшынның өзі де мұның алдында қазақстандықпен Қазақстанда жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген.
34 жастағы Головкин қазіргі таңда WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолют чемпион атану үшін оған 27 жастағы Сондерстің WBO титулын тартып алуы тиіс. GGG мұның алдында мансап жолымда екі-ақ нәрсе керек екенін айтқан еді: шоу мен белбеулер.