24 сәуір 2017 11:04

Сондерс: "Канело" қауіпсіздігін ойлап қашып жүр, ол Головкинмен жұдырықтасуға келіспейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннен "қашып", отандасы Хулио Сезар Чавесті таңдаған мексикалық Сауль "Канело" Альваресті сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Чавес бұл жекпе-жек үшін көп салмақ тастап жатыр. Ал "Канело" кезекті рет қауіпсіздігін ойлап, қарсылас таңдады. Головкинмен жұдырықтаспау үшін бір рет белбеуді өз еркімен бере салған. Жақын арада ол жұдырықтасуға келісе қоймас деп ойлаймын", - дейді Сондерс Fight Hype басылымына.

Қос мексикалық боксшының кездесуі 6 мамырда Лас-Вегаста 164,5 фунт аралық салмақта өтеді. 

Сонымен бірге, "Канелоның" командасы қыркүйекте Головкинмен жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети