17 желтоқсан 2017 13:03

Сондерс Лемьені жеңіп, WBO титулын қорғап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс. Ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс.

Ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс канадалық Давид Лемьені жеңіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс канадалық Давид Лемьені жеңіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғасы

Жекпе-жек Канададағы 10 300 көрерменге арналған Place Bell аренасында өтіп, 12 раундқа созылды. Судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша,  Сондерс - 120:108, 118:110 және 117:111 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz мәліметінше, Сондерс өте жақсы кездесу өткізді. Ұлыбританиялық боксшы әр раунд сайын дәл соққылар жасап келген.

Жетінші раундта Сондерстен қатарынан бірнеше рет соққы алған Лемье қатты шаршаған, бірақ ол соңына дейін шыдады. 

Осыған дейін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің Сондерс-Лемье бокс кешінде жеңіске жеткені хабарланған болатын. 26 жастағы Жүкембаевтің қарсыласы 22 жастағы америкалық Уилберт Лопес болды. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрды. Судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 80:72 есебімен қазақстандық жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети