05 мамыр 2021 10:18

Сондерстің әкесі "Канеломен" жекпе-жекке қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің әкесі Том Сондерс ұлының WBC және WBA Super нұсқалары бойынша әлем чемпионы Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегі болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Том Сондерстің айтуынша, мәселе рингтің өлшемінде. Сондерс бастапқыда 24 футтық рингте жекпе-жек өткізгісі келген, ал Сауль 18 футтық ринг деді. 

Нәтижесінде тараптар 22 футқа келіскен, бірақ соңғы сәтте Сауль 20 фут рингті талап ете бастаған. 

Тараптар жақын арада келісімге келмесе, Альвареспен басқа ұлыбританиялық боксшы Джон Райдер кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, 8 мамырда Сондерс мексикалық боксшымен жекпе-жек өткізіп, карьерасындағы ең көп сыйақы алуы керек еді. Оған жеті миллион доллар беріледі деген қауесет бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети