31 наурыз 2017 10:38

Сондерстің дедлайн қойғаны жайлы ештеңе білмеймін - Головкиннің промоутері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерспен өтіп жатқан келіссөздердегі соңғы жаңалықтарды айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

"Біз Фрэнк Уорренмен (Сондерстің промоутері) үнемі байланыстамыз және осы жекпе-жекті қалай дұрыс ұйымдастыруға болатыны жайлы талқылап жатырмыз. Келесі аптада барлығы белгілі болады, мен Сондерстің командасының дедлайн қойғаны жайлы ештеңе білмеймін. Бұл Қазақстан үшін EXPO аясында өтетін үлкен оқиға. Бірақ әлі де кейбір мәселелер белгісіз болып тұр. Сондықтан біз Ұлыбритания үшін ненің жақсы болатыны және Қазақстан үшін ненің жақсы болатынын көреміз", - деді GGG промоутері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сондерстің промоутері Головкиннің командасымен келіссөздердің басталғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, боксшылардың кездесуі Астанада маусым айында өтетіні хабарланған еді. Сондерстің өзі де Қазақстанға келуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети