Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 339.68
EUR / KZT - 401.13
CNY / KZT - 51.26
RUB / KZT - 5.90

Ташкентте екі боксшымыз жеңіліске ұшырады

14 Мамыр 2014, 21:26
0
Фото news.uzreport.uz сайтынан
Фото news.uzreport.uz сайтынан

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екі жігітіміз жеңілістің кермек дәмін татты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ташкент төріндегі халықаралық турнир де кеше басталған болатын. Сидней Джаксон мемориалының бірінші күні рингке екі боксшымыз шыққан еді. Екеуі де қырғыз қырандарымен кездесіп, бірі ұтып, бірі ұтылды.

Атап айтқанда, 60 келідегі Закир Сафиуллин Медер Мамакеевті үш төрешінің шешімімен де ұтып, басымдық танытты. Ал 69 келідегі Алмасбек Орынғалиев Эркин Болотбекулына төрешілердің екі айырылған шешімімен есе жіберіп алды – 1:2.

75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сапарбай Айдаров бүгін өзбек Азизбек Абдугафуровтан ұтылып қалды. Негізі, өзбектің бұл оғланы осал боксшы емес-тін. Естеріңізде болса, Алматыда өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен.

Сөйтіп, кешеден бері Ташкент шаршы алаңына шыққан үш боксшымыздың екеуі дәстүрлі турнирден тыс қалды. Енді екеуі, атап айтқанда, Нұрдәулет Жарманов (81 келі) және Иван Дычко (+ 91 келі) өз кезектерін күтіп отыр.

Ала шапанды көршілеріміздің еліне бес боксшымыз ғана кеткен-ді. Ал өзбектер өз турнирлеріне үш құрама шығарыпты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай