26 сәуір 2019 13:42

Тайсонды 400 миллион долларға "лақтырған" кім? - Менеджерлерге шолу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дон Кинг. © youfight.info Дон Кинг. © youfight.info

АҚШ-та кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Бобыржан Момынов, Сағадат Рақманқұл, Абылайхан Құсайынов сынды боксшылардың PR-менеджері Уалихан Қосанбай Facebook желісінде осы салада танымал болған үздік менеджерлер туралы сараптамалық жазба қалдырған. 


АҚШ-та кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Бобыржан Момынов, Сағадат Рақманқұл, Абылайхан Құсайынов сынды боксшылардың PR-менеджері Уалихан Қосанбай Facebook желісінде осы салада танымал болған үздік менеджерлер туралы сараптамалық жазба қалдырған. 

"Өткенде сіздерге бокс әлеміндегі ең мықты деген промоутерлерді ұсынып едім ғой. Содан соң менеджерлерді де тізіп көрші деген ұсыныс түсті. Енді назарларыңызға "менмін" деген менеджерлерді ұсынамын", - деп жазды Уалихан Қосанбай. 

Оның айтуынша, АҚШ, Еуропа, Азия және Африка құрлығында болсын бокс менеджерлері өте көп екен.

"Менің зерттеуім бойынша, қазір ресми тіркелген менеджерлердің саны 1000-нан асып жығылады. Олардың көбісі бір боксшыны қасына алып, менеджер атанып жүр. Енді бір менеджерлердің өз промоутерлік компаниялары бар. Олардың өзі промоутер, өзі менеджер қызметін атқарады", - деп толықтырды ол.

Тізім жоғарыдан төмен жасалған:

7️⃣ Вадим Корнилов. Ресейлік менеджер. Қазақтың жиені Артем Чеботоревпен жұмыс істейді. Басқа да боксшылары бар. Барлығы ресейлік. Фредди Роучтың залына тауар тасушы десек те болады. АҚШ-та жүрген боксшылары сонда жаттығады. 


Фредди Роуч және Вадим Корнилов. © YouTube

6️⃣ Йоде Джуда. Атақты Заб Джуданың әкесі. Бұл кісі негізі өткен ғасырдың аяғында жақсы жұмыс істеген. Қазір көпшілік тани бермейді.

5️⃣ Дон Кинг. Бұл кісінің шаш үлгісін барлық бокссүйер қауым танитын шығар, иә? Сонымен қатар Майк Тайсонның менеджері ретінде танымал. Тайсонды 400 миллион долларға лақтырып кеткен. 80-жылдары көптеген боксшылармен жұмыс істеген. Қазір ара-тұра төбесін көрсетіп қояды.

4️⃣ Владимир Хрюнов. Тараздың тумасы. Қазір Ресейдегі ең мықты шоуларды ұйымдастыратын менеджер. Ағайынды Чудинов, Лебедев және Поветкин секілді боксшылармен жұмыс істейді. Ақырындап Америка нарығына көшіп жатыр бұл кісі.

3️⃣ Анна Рева. Канадалық менеджер. Біздің Батыр Жүкембаевтың шаруасын дөңгелетіп отыр. Бұйырса боксшымызды әлем чемпиондығына жеткізеді деп сенем.


Батыр Жүкембаев және Анна Рева. © Eye of the Tiger Management

2️⃣ Том Леффлер. Головкиннің промоутері әрі менеджері. Екі қызметті де бірдей істейді бұл кісі. GGG арқасында Америкада біраз абырой жинап алды.

1️⃣ Эгис Климас. Шынында Эгис бірінші орынға лайықты менеджер. Мен біраз зерттедім. Бірақ бұл кісі сияқты жұмыс істейтін маман таппадым. 40 шақты боксшымен келісімшарты бар. Әр ай сайын кемі бір боксшысы жұдырықтасады. Ломаченко басты жұлдызы. Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеевтер болашақ жұлдызы.


Эгис Климас және Сергей Ковалев. © Allboxing

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети