13 желтоқсан 2021 16:34

Ұлыбританиялық журналист Шәріпованың төреші туралы шағымына жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Ұлыбританиялық журналист Бен Смит қазақстандық Фируза Шәріпованың жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы, ирландиялық Кэти Тэйлорға қарсы жекпе-жегінен алған әсерін айтты. Сарапшы жеңілген тараптың судьяға берген шағымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ливерпульдегі жекпе-жек он раундқа созылды, нәтижесінде Тэйлор жеңіске жеткен еді.

"Шынымды айтсам, Тэйлор мен Шәріпованың жекпе-жегінен көңілім қалды. Чемпион күшін үнемдеді, ал үміткердің мүмкіндігі болмады. Қазақстандықты нокаутқа түсіре алмады. Шәріпованың басты жетістігі - арақашықтықты сақтап тұра алуы. Дегенмен оның біржақты төрешілік туралы әңгімесі - жай ғана шу көтеру. Тэйлор басымдықпен жеңді", - деді Смит.

Жекпе-жектен кейін Шәріпова бүкіл карьерасындағы рекорд деңгейдегі төлем алды, бірақ біржақты судьяға шағымданды. Тэйлор өз кезегінде қарсыласын мақтап, болашақ жоспарларын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети