05 қаңтар 2021 19:11

Үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіремін - "Канело"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: USA Today Фото: USA Today

Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесу туралы ойын айтты, - деп жазады RingTV


Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесу туралы ойын айтты, - деп жазады RingTV

"Ешкімге ешнәрсе дәлелдеуім керек емес. Мен оны екі рет жеңіп, өз жұмысымды атқардым. Қазір мен 168 фунтта қала бергім келеді. Егер GGG осы салмаққа көтерілгісі келсе, онда не боларын көрейік. Менің қазіргі мақсатым - осы салмақта абсолют чемпион болу. 

Өзімді осы салмақта жақсы сезінемін. Біз GGG-мен үшінші рет кездесетін болсақ, мен оны нокаутқа түсіріп, тіпті майып қылуым мүмкін", - деді Альварес. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталған болатын. Ал 2018 жылдың қыркүйегінде өткен екінші кездесуде "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. 

Желтоқсанда екі боксшы да жекпе-жек өткізген. Головкин Камил Шереметаны жеңіп, 21-рет белбеулерін қорғап қалған. Ал Сауль Альварес ұлыбританиялық Каллум Смитті төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети