05 қазан 2017 16:18

WBC ұйымы Геннадий Головкинді "Жыл адамы" деп таныды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) "Жыл адамы" деп таныды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) "Жыл адамы" деп таныды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин - WBC нұсқасы бойынша "Жыл адамы-2017", ол бокс үшін істегені және бокстан да бөлек істері үшін", - деді Сулейман. 

Осыған дейін қазан айының ортасында Головкиннің Мехикоға баратыны белгілі болған еді. Ол онда жер сілкінісінен зардап шекендерге көмектеседі. 

Геннадий Головкин немістің Гифхорн қаласындағы қайырымдылық бокс кешіне қатысты, бұл бокс кеші боксшы Эдуард Гуткнехтті қолдау мақсатында ұйымдастырылған. 29 қыркүйекте өткен шараға 100 мыңдай адам қатысқан, оның ішінде спорт әлемінде жақсы таныс адамдар да бар. Ұйымдастырушылар 50 мың еуро жинапты, бұл қаражат Гуткнехттің отбасына беріледі. Ал Головкиннің өзі 25 мың еуро аударды.  

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети