30 маусым 2016 10:52

Юбенк Головкинмен жекпе-жекке шыққаны үшін қанша табыс алуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенк © REUTERS Ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенк © REUTERS

Ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенктің WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекте қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенктің WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекте қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, Юбенк Головинмен төрт миллион доллар көлеміндегі табысқа келісімшарт жасамақшы. Мұнымен қоса, ұлыбританиялықтың гонорары да жекпе-жектің ақылы көрсетілуіне байланысты өсуі мүмкін. Бұған дейін ұлыбританиялықтың промоутері тараптардың жекпе-жекті осы аптада өткізуге келісімшарт жасауы керек екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол жекпе-жекті Лондонда қыркүйек айында O2 Arena алаңында өткізгісі келген еді.

Осыған дейін ағылшын боксшысының промоутері Эдди Хирн Юбенк-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру мәселесін үш күн ішінде шешуге үміттеніп отырғанын айтқан еді. Оның айтуынша, жекпе-жекті Лондонда 23 мың көрерменге арналған O2 Arena аренасында өткізу қолайлы.

Ал Юбенк пен оның әкесі Головкинге қатысты мәлімдемелер жасап жүр. Мәселен, Крис Юбенк (23-1, 18 КО) отандасы Том Доранды (17-1, 7 КО) төртінші раундта жеңгеннен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырса, оның әкесінің айтуынша, оның ұлыжылдымдығы арқылы Головкинді жеңе алады.

Айта кетейік, Головкин мен Юбенк арасындағы жекпе-жек 27 тамызда немесе 3 қыркүйекте өтеді. Бұған дейін қазақстандық боксшы жекпе-жектің "Уэмблида" өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети