14 маусым 2019 10:21

2 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотека шілдеден беріле бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dvinatoday.ru © dvinatoday.ru

2 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотека шілдеден беріле бастайды. Көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы үшін Қаржы министрлігі екі аптаның ішінде қаражат аударуы керек. Бұл туралы "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ТҮҚЖБ АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Алматы қаласында пилоттық режимде іске қосылған жоба аясында 98 отбасы баспаналы болғанын айтты. Ол үшін әкімдік шамамен 3 миллиард теңгн бөлген. Қазір бұл қалада тағы да 233 өтініш қарастырылып жатқан көрінеді.

"Республикалық бағдарлама 1-2 аптаның көлемінде іске қосылады. Бизнес үдерістері пилоттік жоба кезінде тексерілді. Біз толығымен дайынбыз. Ипотека 2 пайыз жылдық мөлшерлемемен беріледі. Алғашқы жарна баспана құнының 10 пайызы. Қарыз ең көп дегенде 15 млн тг-ге беріледі. Өтініш пен құжаттарды арнайы портал арқылы өткізеді. Ипотека алған адамның аты-жөні ашықтық үшін банктің сайтында жарияланып тұрады", - дейді Ибрагимова.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети