EXPO-қалашықтағы пәтерлерге өтінім қабылдау кейінге қалды

15 Ақпан, 14:34
0
EXPO-қалашықтағы пәтерлерге өтінім қабылдау кейінге қалды -

EXPO-қалашықтағы пәтерлерге өтінім қабылдау кейінге қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек девелопмент" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның алдында 15 ақпаннан EXPO Residence тұрғын үй кешенінен пәтер алуға өтінім қабылдана бастайтыны мәлімделген еді. Expo.bdevelopment.kz сайтында сатып алушының пәтерді таңдап, брондап, алғашқы жарнасын төлеп, "Бәйтерек девелопментпен" сату-сатып алу келісімшартын жасаса алатыны айтылған еді. Алайда бүгін қолданушылар компанияның сайтына кіре алмады.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ өкілдері техникалық ақауларға байланысты Digital Baiterek бірыңғай порталында пәтер алуға өтінім қабылдау уақытының кейінге қалғанын хабарлады.

 "Жоғары жүктемеге байланысты сервер өтінім берушілердің көптігінен бірыңғай порталда техникалық ақау шықты. Осылайша өтінім қабылдау уақытын басқа мерзімге белгілеу туралы шешім қабылданды", - дейді компаниядағылар.

Компания өкілдері әзірше бірлде-бір пәтердің брондалмағанын, ал осыған дейін брондалып қойғандарының күші жойылғанын хабарлады.

"Қайталап өтінім беруді бастау уақыты техникалық ақаулар жойылғаннан кейін жария етіледі. Компания ыңғайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды. Өтінім қабылданатын уақыт baiterekdevelopment.kz сайтында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жария етіледі", - дейді компаниядағылар.

Еске салайық, сатып алушылардың пәтер құнының 20 пайыздан көп сомасын алғашқы жарна ретінде төлеп, 12 жылға жылдық 3 пайыз мөлшерлемемен бөліп төлеуге баспана сатып ала алатыны хабарланған еді. Пәтерді қолма-қол ақшасыз, кез келген банк арқылы ипотекаға, сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "7-20-25", "Свой дом" және "Қазақстан ипотекалық компаниясының" "Орда" бағдарламалары арқылы сатып алуға болатыны айтылған. Пәтердің шаршы метрінің құны - 399 900 теңге, автотұрақтағы шаршы метрінің құны - 735 мың теңге.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай