1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Жылжымайтын мүлік

Арыста 5776 үйде қалпына келтірілді

© miid.gov.kz © miid.gov.kz

Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшылар қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көп қабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.

Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізіп жатыр.