08 мамыр 2016 20:52

Астана мен Алматы қалаларының қай аудандарынан арзан пәтер сатып алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Homsters.kz компаниясының мамандары Астана мен Алматының қай аудандарынан арзан баспана сатып алуға болатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Homsters.kz компаниясының мамандары Астана мен Алматының қай аудандарынан арзан баспана сатып алуға болатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Мамандардың айтуынша, Астананың пайдалануда болған үйлерінің нарығында 2 мамырдағы жағдай бойынша бір шаршы метрінің құны 386 мың теңгеге тең болған. "Үш ауданның екеуінде жалпы қаладағы аудандардың бағасы төмен. Орташа алғанда 357 мың теңгелік ең арзан баспананы Сарыарқа ауданынан сатып алуға болады. Алматы ауданында қымбаттауын сатып алуға болады - орташа алғанда бір шаршы метрінің құны - 379 мың теңге. Ең қымбат аудан - Есіл ауданы (441 мың теңге)", - деп келтірді мәліметтергі сарапшылар. 

Ал танымалдығы жағынан олардың реті өзгеше. Ұсыныстардың саны бойынша Алматы ауданы көш бастап тұр - 51 пайыз, Есіл ауданында сатып алуға деген ұсыныс 30 пайызды құраса, Сарыарқа ауданында - 19 пайыз. 

Ал Алматы қаласында 2 мамырдағы жағдай бойынша пайдалануда болған үйлер нарығында бір шаршы метрдің құны - 424 мың теңге. Ал аудандар бойынша бағалардың айырмашылығы жер мен көктей. "Ең арзан баспана ең жас Наурызбай ауданында. Мұнда бір шаршы метрінің құны - 295 мың теңге. Ең қымбат аудан Медеу ауданы болып қала береді - 639 мың теңге. Қалған аудандар келесідей: Түрксіб - 317 мың теңге, Жетісу - 317 мың теңге, Алатау - 334 мың теңге, Әуезов - 341 мың теңге. Алмалы - 448 мың теңге және Бостандық - 499 мың теңге", - деді сарапшылар.  

Ұсыныстардың көп болатын ауданы - Бостандық (23 пайыз). Кейінгі орындарда Әуезов пен Алмалы аудандары тұр (22 пайыз және 21 пайыз). Ең қымбат Медеу ауданында 16 пайыз. Қалған аудандардың жалпы ұсыныс көрсеткіші - 18 пайыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети