Борышкерлерді кепілге қойған пәтерлері үшін үйлерінен қумайтын болды

29 Шілде 2016, 09:35
0
Борышкерлерді кепілге қойған пәтерлері үшін үйлерінен қумайтын болды - © almaty.tv
© almaty.tv

Банктерге қарыз қазақстандықтарды пәтерлерінен шығармайтын болды. Бірақ бұл арнайы меморандумға қол қойған жағдайда ғана жүзеге асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше бұл мәмілеге Ұлттық банк өкілдері, екінші деңгейлі банктер мен Алматы әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер төртжақты қол қойды. Құжаттың мақсаты - сот арқылы сол азаматтарды үйінен күштеп шығаруды тоқтату. Ал бүгіннен бастап үш ай мерзім ішінде несиесін қайтара алмай жүрген азаматтар банкке келіп, басындағы жағдайымен бөлісуі тиіс.

"Борышкерлердің көбі банкке кепілдікке қара басындағы жалғыз баспанасын қойып тастаған. Олар енді қаржылық қиындықтары бар екенін айтуы керек. Бірақ бұл борышкер несиесін өтемейді деген сөз емес. Тек шамасына қарай төлеу шарттарын жұмсартылады. ", - деді Ұлттық банк өкілдері.

КТК телеарнасының мәліметінше, бүгінде елде үйінен қуылғалы жатқан 40 мың шақты отбасы бар. Ал құжат осы мәселені шешуге септігін тигізеді ден сендіріп отыр.

Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьевтің айтуынша, борышкер өз еркімен банкке келіп, қаржылық қиындықтары барын ашық айтуы тиіс. Осылай бола тұра, қарызын өтеуден бас тартпайтындығын танытса, банк өкілдері оған түсіністікпен қарап, әр борышкерге қарызды өтеудің жолдарын бірлесіп қарастыратын болады. (Дереккөз: КТК)


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай