06 наурыз 2019 13:24

"Бірнеше шағын несие алыңыз". Заңгер "7-20-25" бойынша қарыз алушыларға кеңес берді

Дина Муратова Редактор

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың төрттен бір бөлігінің өтініші қабылданбай жатыр, - деп хабарлайды Krisha.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың төрттен бір бөлігінің өтініші қабылданбай жатыр, - деп хабарлайды Krisha.kz

"7-20-25" бағдарламасының мәліметінше, олар 2018 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпан аралығындағы мәліметтерді қараған. Осылайша, елімізде орташа есеппен осы бағдарлама бойынша өтініштердің 27 пайызы мақұлданбаған.

Реклама
Реклама

2019 жылдың 28 ақпанындағы мәлімет бойынша, 7967 өтінішке жауап қайтарылған. Оның ішінде 5816-сы мақұлданып, бірақ 2151 өтініш қабылданбаған.

"Ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында (40 пайыз), Жамбыл облысы (34 пайыз), Алматы қаласы және Алматы облысында  (33 пайыз), Шымкентте (32 пайыз). Ал өтініштер кері қайтарылмайтын аймақтарға Костанай (18 пайыз), Ақмола облысы (20 пайыз) және Астана (22 пайыз) кіреді", - дейді басылымдағылар.

"Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ сыртқы коммуникациялар қызметінің басшысы Айбар Олжаевтың айтуынша, несиенің мақұлданбауына бірнеше себеп бар.

"Бірінші кезекте, банк өтініштерді қабылдаған кезде негізгі шарттардың орындалуына назар аударады. Оның ішінде - баспананың және ипотекалық несиенің болмауы, ресми табыстың болуы. Осы шарттар орындалмағаннан кейін-ақ өтініштердің көбі кері қайтарылады. Ал осы кезеңнен өткен жағдайда, банк өтініш берушінің төлемқабілеттілігі мен несие тарихына қарайды. Бұл кезеңде несие тарихының нашар болуы (34 пайыз) және төлемқабілеттілігі төмен болғаны (31 пайыз) үшін өтініш мақұлданбайды", - деді Айбар Олжаев.  

Оның айтуынша, бірінші жағдайда банк несие бюросы арқылы өтініш берушінің несие тарихы нашар болғандығын анықтап шешім қабылдайды. Екінші жағдайда әр түрлі себептерге байланысты. Несие тарихы дұрыс болса, сарапшы соманың қаржысын қайтадан тексеруді немесе басқа банктерге жүгінуді ұсынады.

"Банктер өз ішкі ережелеріне сүйенеді және олар әр түрлі болады. Бір несие түріне мақұлданбаса, басқа несие түрлерін да қабыладамайды деуге болмайды. Пәтердің бағасы қымбат болса, оның бағасын төмендеткеннен кейін өтініш қабылдануы мүмкін. Сондықтан да арзанырақ пәтер іздеген дұрыс", - деп кеңес берді Олжаев.

Олжаев банктерден табыстың белгілі бір өлшемге қарай беретінін жалған деді.

"Кез келген өтініш жекелей қаралады. Әр қарыз алушының жағдайлары әр түрлі. Кейбір өңірлерде ипотекалық неисені 80 000 теңге табыс алатындарға береді. Несие тарихыңыз бұзылған жағдайда оны дұрыстауға болады", - деді ол.

"Доступное право" заңгерлер қауымдастығының төрағасы Рүстем Каби несие тарихын түзетуге болатынын айтады.

"Үлкен көлемде несие алмас бұрын бірнеше тауарды несиеге алып, төлеп отыру керек. Тауар несиелерінің тарихы бұзылса да, несие беріледі. Міндеттемелерді орындау керек. Оған қоса, несие бюросынан көшірмені алып, оны қарау қажет.  Сондай-ақ, кез келген ХҚКО-да осы жайлы мәлімет жылына бір рет тегін беріледі" - деді заңгер.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram