Теміртауда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан бұзақы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Теміртауда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан бұзақы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Теміртауда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан бұзақының әрекеті қызу талқыға түсіп, желі қолданушылардың наразылығын тудырған болатын.
"Мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында бұл бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударып, бұзақыны анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Бенежазбаларды зерделеу барысында тәртіп сақшылары осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Оған қатысты учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік материалдар жинақталып, соттың қарауына жіберілді", - делінген хабарламада.
Қоғамдық орында ерсі әрекеттер жасап, бұзақылыққа барған азаматқа 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!