10 желтоқсан 2019 16:47

Елімізде жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rusargument © rusargument

Статистика комитетінің мәліметінше, бір жылда Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер 10,2 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Krisha.kz.


Статистика комитетінің мәліметінше, бір жылда Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер 10,2 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Krisha.kz.

Басылымның мәліметінше, Нұр-Сұлтаннан басқа Қостанай (17,2 пайызға) мен Оралда (12,5 пайызға) да пәтерлер қымбаттаған. Ал Павлодар (5,3 пайызға), Ақтөбе (4,4 пайызға), Көкшетау (4,2 пайызға), Семей (4 пайызға) және Шымкентте (3,1 пайызға) жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер аса қымбаттағай қоймаған дейді мамандар.

"Қараша айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы жаңадан салынған үйлердегі пәтерлердің шаршы метрі 372 мың теңгеге, Алматыда шаршы метрі 357 мың теңгеге, Шымкент пен Атырауда 326 мың теңгеге дейін барған. Ал ең арзан деген пәтерлер Таразда, Петропавлда және Қызылордада (шаршы метрі 140-141 мың теңге)", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети