08 ақпан 2021 09:26

Қай өңірде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шеше алатындар көбірек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шамамен 762 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шеше алады. Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2021 жылғы 1 қаңтардағы дерегі осы. Қай қалада бұл мүмкіндікті көбірек адам қолдана алытынын және оларға қанша берілетінін Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.


Шамамен 762 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шеше алады. Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2021 жылғы 1 қаңтардағы дерегі осы. Қай қалада бұл мүмкіндікті көбірек адам қолдана алытынын және оларға қанша берілетінін Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

БЖЗҚ деректеріне сәйкес төлем алу құқығын пайдалана алатын адамдардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды облысында тұрады. Салымшылардың ең азы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрады. Жалпы, салымшылардың рейтингі мынадай:

Алматы - 170 700;
Нұр-Сұлтан - 94 700;
Қарағанды облысы - 77 500;
Маңғыстау облысы - 64 300;
Атырау облысы - 58 300;
Шығыс Қазақстан облысы - 49 400;
Ақтөбе облысы - 42 400;
Павлодар облысы - 38 600;
Шымкент - 29 800;
Қостанай облысы - 26 400;
Батыс Қазақстан облысы - 25 400;
Алматы облысы - 20 900;
Қызылорда облысы - 17 400;
Ақмола облысы - 17 040;
Жамбыл облысы-15 900;
Солтүстік Қазақстан облысы - 11 800;
Түркістан облысы - 1 200.

Төлемдердің жалпы сомасы шамамен 2,4 триллион теңге. Кесте көшбасшылары Алматы, Маңғыстау облысы және Нұр-Сұлтан. Толығырақ төменде:

Алматы - 656,2 миллиард теңге;
Маңғыстау облысы - 382,1 миллиард теңге;
Нұр-сұлтан-326,97 миллиард теңге;
Атырау облысы - 252,3 миллиард теңге;
Қарағанды облысы - 182,9 миллиард теңге;
Батыс Қазақстан облысы - 102,4 миллиард теңге;
Ақтөбе облысы - 101,2 миллиард теңге;
Шығыс Қазақстан облысы - 97,5 миллиард теңге;
Павлодар облысы - 74,01 миллиард теңге;
Шымкент - 61,5 миллиард теңге;
Қостанай облысы - 47,5 миллиард теңге;
Қызылорда облысы - 41,3 миллиард теңге;
Алматы облысы - 38,4 миллиард теңге;
Ақмола облысы - 29,3 миллиард теңге;
Жамбыл облысы - 28,6 миллиард теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы - 20,1 миллиард теңге;
Түркістан облысы - 2,5 миллиард теңге.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары 10 миллион теңге және одан жоғары салымшылар бойынша ішкі статистика жүргізіледі. Елімізде ондай шамамен 54 мың адам бар. Олар 10 миллион теңгеден аса қаражатын мақсатты мұқтаждықтар үшін шығара алады. Мұндай салымшылардың көбі Алматыда, Маңғыстау облысында және Нұр-Сұлтанда.

Алматы - 15 900;
Маңғыстау облысы - 13 700;
Нұр-Сұлтан - 7 400;
Атырау облысы - 7 000;
Батыс Қазақстан облысы - 2 800;
Қарағанды облысы - 1 600;
Ақтөбе облысы - 1 500;
Шығыс Қазақстан облысы - 842;
Шымкент - 690;
Павлодар облысы - 606;
Қызылорда облысы - 528;
Алматы облысы - 450;
Қостанай облысы-420;
Жамбыл облысы - 309;
Ақмола облысы - 267;
Солтүстік Қазақстан облысы - 134;
Түркістан облысы-20.

Tengrinews.kz редакциясы БЖЗҚ-дан қазақстандықтар ала алатын ең үлкен топ-10 зейнетақы жинақтары бойынша деректер ұсынуды өтінді. Алайда қор өкілдері оған қосымша уақыт сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети